ҚОЛДАНУ АЯСЫ ЖӘНЕ ЕРЕЖЕЛЕР

  1. ҚОЛДАНУ АЯСЫ ЖӘНЕ КЕЛІСІМ

1.1 PDF.AIKYN.KZ қызметін пайдаланушы-жеке тұлғалардың дербес деректерін «Айқын-Литер» ЖШС өңдейді, Қазақстан Республикасының заңнамасында тіркелген тұлға, тіркелген кеңсесі: Қазақстан Республикасы, 010000, Нұрсұлтан қ., Қонаев көшесі, 12/1 (бұдан әрі – Редакция). Редакция PDF.AIKYN.KZ пайдаланушыларының дербес деректер қорының иесі және операторы болып табылады.

1.2 PDF.AIKYN.KZ пайдаланушыларының дербес деректері Қазақстан Республикасының аумағында өңделеді.

1.3 Осы Құпиялылық саясаты https://pdf.aikyn.kz/ веб-сайты (бұдан әрі – Сайт), PDF.AIKYN.KZ мобильді қосымшасы (бұдан әрі – мобильді қосымша) және қолданушыларға сайтта тіркелуге мүмкіндік беретін байланысты қызметтер мен құралдардың көмегімен жиналған жеке деректерді құпия сақтау үшін Редакция белгілеген процедураны сақтайды. Осы жағдайлардың барлығында Редакция пайдаланушылардың жеке деректерін тек «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының және Дербес деректерді автоматтандырылған өңдеуге байланысты адамдарды қорғау туралы конвенцияның талаптары шеңберінде өңдейді. Осы Құпиялылық саясаты осы құжаттардың ережелеріне сәйкес жасалған.

1.4 Сайтты және / немесе мобильді қосымшаны және / немесе PDF.AIKYN.KZ -тің басқа байланысты қызметтері мен құралдарын пайдалану арқылы Пайдаланушы өзінің жеке деректерін, мысалы, пайдаланушы атымен өңдеуге Редакцияға келісімін береді; тұрғылықты жері, электрондық пошта мекен-жайы, байланыс телефонының нөмірі, басқа байланыс ақпараттары және пайдаланушының қалауы бойынша; ip-адрестер, пайдаланушылардың басқа байланыс деректері; Жоғарыда аталған деректерді үшінші тұлғаларға бермеуге,  келісімін береді.

1.5 Пайдаланушылар Сайтта немесе мобильді қосымшада орналастырылған ақылы немесе серіктес сілтемелерді басқан кезде, олар Компанияның хостинг кеңістігінен тыс басқа сайттарына (қосымшаларына және т.б.) бағытталуы мүмкін екенін білуі керек, бұл жерде Пайдаланушылар өзге өріске өткеннен кейінгі әрекеттеріне PDF.AIKYN.KZ әкімшілігі жауапты емес екенін ескертеді.

  1. РЕДАКЦИЯ ТАЛАП ЕТЕТІН АҚПАРАТ КӨЗДЕРІНЕ ЖАУАПТЫ ҚАРАЙДЫ

2.1 Пайдаланушының жеке кәбинеті туралы ақпарат: Пайдаланушы сайтта тіркелгі жасаған кезде, компания жарамды электрондық пошта мекенжайы мен пароль сияқты белгілі бір ақпаратты талап етуі мүмкін. Тіркелгіге олар туралы географиялық орналасуы, аты, тегі, телефон нөмірі және байланысты ақпараттар, сондай-ақ олардың аккаунтына жүктей алатын фотосуреттер кіреді. {Жеке кәбинетте пайдаланушыларға өздерінің ұсыныстарына қызығушылық білдіру үшін бір-бірімен байланысуға мүмкіндік береді}. Пайдаланушылар жалпыға қол жетімді жеке кәбинетте орналастырған барлық ақпарат үшін жауап береді.

Пайдаланушы белгілі бір ақпаратты, атап айтқанда мекен-жайын немесе оның нақты орналасқан жері туралы ақпаратты – жалпыға қол жетімді етуімен байланысты барлық тәуекелдерді мұқият қарастыруы керек. Егер пайдаланушы сайтқа үшінші тарап операторының аутентификация қызметін, мысалы, Facebook ақпаратын пайдаланып кіруге шешім қабылдаса, Редакция қосымша профильді немесе оған қол жеткізуді осындай үшінші тарап қамтамасыз ететін басқа ақпаратты ала алады. Пайдаланушы сайтқа тариф төлеп тіркелгеннен кейін қауіпсіздік үшін әлеуметтік желідегі аккаунттарын жеке кәбинетімен байланыстыруына болады. Бұл сайт пайдаланушыларының уақытын үнемдеу мақсатында және қауіпсіздік үшін жасалған.

2.2 Хабарландырулар мен мәмілелер: Редакция өзінің веб-сайтының қызметі шеңберінде сатып алушы мен сатушы арасындағы мәмілелерді аяқтауға, хабарламалар жіберуге және пайдаланушылармен өзара байланыс орнатуға, төлемдерді жүзеге асыруға қажетті ақпаратты, оның ішінде жеке және байланыс ақпараттарын орналастыра алады.

2.3 Редакция газетке жазылушылардың тариф төлеу кезіндегі сұралатын жеке есеп шот деректерін өңдеуді, онлайн төлеу кезіндегі енгізілген ақпараттарды төлеуге бағыттауды PayBox.money қазақстандық төлеу жүйесі арқылы іске асырады. Төлеу барысында кредит картаңыздың мәліметтерін құрылғыға немесе браузерге сақтау немесе сақтамауды пайдаланушы тарапы таңдайды. Редакция пайдаланушының PDF.AIKYN.KZ серверіндегі ақпаратына мұқият жауап береді. Төлеу кезіндегі кредит картаңыздың деректеріне қолданып отырған браузеріңіз немесе құрылғыңыз немесе төлеу жүйесін атқаратын тарап жауапты екенін ескертеміз.

  1. ПАЙДАЛАНУШЫ ТІРКЕЛГЕН КЕЗДЕГІ ДЕРЕКТЕРІН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ТУРАЛЫ

3.1 Пайдаланушы тіркелген кездегі деректерін ұмытса, яғни құпиясөзін, догинін қайта қалпына келтіруге мүмкіндік алған. Құпия сөзді ұмытпау үшін әлеуметтік желідегі аккаунтқа да байланыстыру мүмкіндігі бар. Жоғарыда айтылған мүмкіндіктерін орындай алмаған жағдайда, немесе тарифтік төлем туралы түбіртектерін сайт әкімшілігіне көрсету арқылы қайтадан жеке кәбинет ашуына құқылы.

3.2 Онлайн жазылу барысында жүйе тек бір ғана тарифтік жоспарды таңдауға мүмкіндік береді. Пайдаланушы бір айға немесе бір жылға газетке онлайын жазылу мүмкіндігін таңдайды.

3.3 Тарифтік жоспар таңдалып, төленгеннен кейін пайдаланушы онлайн жазылу қызметінен бастартуға құқылы емес. Төлем қайтарылмайды.

3.4 Пайдаланушылардың электронды пошта жәшігіне тарифтің жоспарлы күні аяқталуға 3 күн қалғаны туралы ескерту хат және Редакция туралы хабарландырулар жіберуге Редакция міндеттеледі. Газеттің жаңа нөмірі беттеліп болған күні бірден электронды поштаңызға PDF онлайн газет нұсқасын жіберуге Редакция міндеттеледі.